Оқиға куәгерлері балаға араша түсіп, полиция шақырған
Әлеуметтік желілерде Алматы облысындағы Өтеген-Батыр ауылында екі белгісіз ер адам 9 жастағы балаға шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, ер адамдар балаға "сыра ішіп, өздерімен бірге жүруді" ұсынған. Бала бас тартқаннан кейін олардың бірі оның басынан ұрып, киімін жыртып жіберген. Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар балаға араша түсіп, ер адамды полиция келгенге дейін ұстап тұрған.
Алматы облысы ПД өкілі бұл оқиғаға қатысты бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Күдікті ұсталды, қазір уақытша бейімделу және детоксикация орталығында", – деді ведомство өкілі.
Оқи отырыңыз: "Қазақ жігіттері қарамады": Африка азаматына тұрмысқа шыққан қыз жан сырын ақтарды