Сырдарияда сең қозғалды: өңірде су басу қаупі жоғары 29 елдімекен бар

. Мамандар болжамынша, Сырдариядағы сең наурыздың орта шенінде Арал теңізіне жетуі тиіс

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сырдарияда сең қозғалды. Қазіргі таңда өзен арнасы бақылауға алынып, азаматтық қорғау қызметі дайындық жасауда. Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков өңірге барып, жағдайды бағамдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде өзеннің Қызылордаға дейінгі бөлігі мұздан толық тазарған. Сірескен сең ақырындап қала тұсынан өтіп жатыр. Ал қауіпті саналған 5 учаске бақылауда. Қазір солтүстік аудандардағы мұздың қалыңдығы 20-40 см. Аймақта су басу қаупі жоғары 29 елдімекен болса, ондағы халық саны 70 мыңға жуықтайды. Мамандар болжамынша, Сырдариядағы сең наурыздың орта шенінде Арал теңізіне жетуі тиіс.

"Сеңнің жүруі байқалды. Қазіргі уақытта қорғаныс бөгеттері қалыпты жағдайда. Облыста 61 эвакуациялық жинақтау және 71 эвакуациялық қабылдау пункті орналасқан. Сонымен қатар 22 уақытша  орналастыру пункті, 13 жылыту пункті жұмыс жасайды", – деді облыстық ТЖД басқарма бастығы Бейбітхан Спанов.

Оқи отырыңыз: Мектеп есепшілері 1 миллиард теңгені жымқырған

Новости партнеров