Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Таразда 15 жастағы әйелінің сіңлісін бір жыл бойы зорлды деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Жуырда жәбірленушінің анасы дабыл қағып, еркіндікте жүрген күдіктінің кейбір туыстарының көмегімен өзіне қысым көрсетіп, тіпті өз-өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқанын айтқан болатын.
"Мен отбасым мен балаларым үшін алаңдаймын. Президенттен бұл істі өз бақылауына алып, кінәліні заң аясында ең қатаң жазалауын сұраймын", – деген еді жәбірленушінің анасы.
Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша іс қозғалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салсақ, осыған дейін Таразда 15 жастағы қызды бір жыл бойы жездесі зорлап келгені айтылған.
Оқиға қатысты полиция қылмыстық іс қозғаған. Алайда кәмелетке толмаған қыз әлі күнге дейін іс бойы жәбірленуші деп танылмаған, ал күдікті бостандықта жүр.
Қыздың анасының айтуынша, қызы үнемі әпкесінің үйіне барып, кішкентай балаларына күтім жасауға көмектесіп жүрген. Сол уақытта зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анықталды.
"Мен мұны келінімнен естідім, менің қызымды жездесі зорлап келген. Қызым үндемеген, бірақ ақырында әпкесіне айтқан. Естігенде шок болдым. Біз дереу облыстық ауруханаға барып, тексеруден өттік, күдіктеріміз расталды", — дейді қыздың анасы.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда психикалық ауытқуы бар 45 мың бала есепте тұр