Сотталған азаматтарға қатысты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр

Науқан заң бұзушылықтың алдын алып, жолын кесуге, бақылауды күшейтуге бағытталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бұрын сотталған азаматтарға қатысты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Науқан заң бұзушылықтың алдын алып, жолын кесуге, бақылауды күшейтуге бағытталған. Іс-шара аясында тәртіп сақшылары профилактикалық есепте тұрған алматылықтарды қадағалайды. Тексерістің алғашқы күні-ақ 15 заң бұзушылық анықталып, сотқа жолданған. Сондай жайттың бірі – 2022 жылы мерзімінен бұрын босатылған азаматқа қатысты болып отыр. Ол 2013 жылы кісі өлтіргені үшін 15 жылға сотталған болатын. Бірақ темір тордың ар жағында өзін жақсы жағынан көрсеткен ол шартты түрде бостандыққа жіберілген. Дегенмен уақыт өте келе өзіне жүктелген міндеттерді орындамай, жауапкершіліктен жалтарған. Сол себепті ол соттың шешімімен 4 жыл 9 ай мерзімінде қайта жазасын өтеуге жіберілген.

"Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған бұл азаматқа қатысты шешім қайта қаралып, күші жойылды. Ол соттың қойған шектеулерін бұған дейін бірнеше рет бұзған. Сол себепті жазасын қайта өтеп шығуға жіберілді", – деді Әуезов ауданы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Нұржан Сейітов.

Оқи отырыңыз: Таразда әйелінің сіңлісін зорлады деген ер адам ақыры қамауға алынды

Новости партнеров