Мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарламада 169,26 ұпай жинады
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында үшінші орын алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап
Мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарламада 169,26 ұпай жинады. Жалпы ұпай саны – 246,01. Бұл нәтиже Шайдоровқа қола медаль әкелді.
Жарыста жеңіске Оңтүстік Корея спортшысы Ча Джун Хван жетті – 281,69 ұпай. Ал күміс жүлдені жапондық Юма Кагияма иеленді – 272,76 ұпай.
Диас Жиренбаев 186.18 ұпаймен тоғызыншы орын алды.
Михаил Шайдоров 2025 жылғы Азия ойындарыдағы еркін бағдарламаға жаңа өзгерістер енгізгенін айтты.
"Бүгінгі күн мен үшін өте қиын болды. Аздап сырқаттанып қалдым, қызуым көтерілді. Дегенмен, жарысқа толықтай жинақы шықтым. Бастапқыда бәрі ойдағыдай болмады. Элементтер жақсы болғанымен, кейбір жерге түсуім сәтсіз шықты.
Жалпы, өз өнеріме көңілім толады. Бұған дейін мұндай ырғақта сырғанап көрмеп едім. Бағаларым жаман емес сияқты. Өкінішке қарай, әлемде тек өзім орындайтын каскадты көрсете алмадым. Келесі жарыста оны орындаймын деп үміттенемін. Осы арада дайындалып, төрешілердің еңбегімді бағалайды деп үміттенемін", – деді Шайдоров.
Айта кетейік, Қазақстан соңғы рет Азия ойындарында бұл спорт түрінен 2017 жылы медаль алған еді. Ол кезде Элизабет Тұрсынбаева қола жүлдегер атанған болатын.
Оқи отырыңыз: Азиада: шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Қытайдан басым түсті
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!