Бала зардап шеккен жоқ
2 жасар бала пәтер бөлмесінің есігін жауып қайта аша алмаған, деп хабарлайды Almaty.tv.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үш иінді баспалдақтың көмегімен, 3-қабатта орналасқан пәтерге терезе арқылы кіріп есікті ашты. Бала зардап шеккен жоқ.
Төтенше жағдайлар мамандары ешбір жағдайда жас балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді.
Оқи отырыңыз: Он үш күн ессіз жатты: көршісін өлермен күйге түсіріп, анасының алдына тастап кеткен