Теміртас: Алматыда Біржан Қожағұлұлының әндеріне негізделген қойылымының тұсауы кесілді

«Теміртас» – Біржан салдың ақтық әні, соңғы үні, жүрек жарды шындығы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қазақтың жан дүниесін, шері мен зарын терең сіңірген әйгілі айтыскер, ақын, әрі әнші Біржан Қожағұлұлының әндеріне негізделген жаңа «Теміртас» қойылымының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл спектакльде басты рөлді сомдаушы актер болмайды, негізгі кейіпкер - елдің сыры, дәуірдің жүгі болған әндер.  «Теміртас» – Біржан салдың ақтық әні, соңғы үні, жүрек жарды шындығы. Реквием жанрында сахналанған қойылым көрерменді терең ойға жетелеп, санаға сілкініс береді. Мұнда тек Біржан салдың ғана емес, барша қазақтың тағдырлы тарихы мен әділетсіздікке қарсы күресі көрініс табады.

«Спектакльге келетін болсақ, пьесса жоқ. Сөз аз, аз болса да саз, оны жазу үшін Бақыт Беделханға өтініш жасадық. Бұл Біржан сал, оның шығармашылығы туралы қойылым емес, «Теміртас» әніне арнадық», – деді режиссер Фархад Молдағали

Қайғы, жігер мен үміт өрілген спектакльде қазақтың мұң-намысын, рухын сезінуге мүмкіндік мол. Біржан салдың күреске толы тағдыры мен зұлымдыққа, әділетсіздікке қарсы сыр шерткен қайталанбас туындылары көпшіліктің назарына ұсынылады. Аталған қойылым сол мұраны жаңа қырынан танытып, өнерсүйер қауымды ерекше әсерге бөлейді. Реквиемде дәстүрлі 20-дан аса аспап қолданылған.

«Әндерді таңдау, оны сахнаға шығарып, дәстүрлі әншілерді рөл беріп, бишілермен тоғыстыру өте қиын процесс болды. Елімізде өзге театрда ансамбль жоқ. Мультинструменталистер бір аспапта емес, түрлі фольклорлық аспаптарда жақсы ойнайды», – деді композитор Серікжан Айтқали.

Оқи отырыңыз: Биыл Алматыны айналып өтетін темір жолдың құрылысы аяқталады

Новости партнеров