Төтеншеліктер өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті
Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қаупі жоғары кезеңнің басталуына байланысты қауіпсіздік шараларына ерекше мұқият болуды ескертеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құрғақ ауа райы, жел және жоғары температура ормандарда, далаларда, саяжай учаскелерінде және елдімекендер маңында өрт шығу қаупін айтарлықтай арттырады.
Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет:
Әрбір қазақстандық өз отбасының, үйінің және айналасындағы табиғаттың қауіпсіздігі үшін жеке өзі жауапты екенін ұмытпауы керек. Есіңізде болсын бір ғана ұшқын өмірге қауіп төндіріп, орны толмас зиян келтіруі мүмкін.