Түркиядағы жер сілкінісі: зардап шеккен қазақстандықтар бар ма

23.04.2025 20:22

Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығының есебінде мыңнан астам отандасымыз тіркелген

Anil Baki Durmus / Unsplash

Түркия аумағындағы жер сілкінісіне байланысты Қазақстан азаматтарынан Ыстанбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығына өтініштер түспеген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

 ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Түркия билігі және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктері бірлесіп ахуалдың дамуын қадағалап отыр.

«Ыстанбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығының консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Түркия аумағында жүрген отандастарымызға сабырлық және қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ жергілікті билік органдарының нұсқауын мүлтіксіз орындау кеңес етіледі.

Айта кетейік, Түркия билігінің ақпараты бойынша 2025 жылғы 23 сәуірде Ыстанбұл маңында магнитудасы 6,2 балл жер сілкінісі орын алып, артынан афтершоктар жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Ыстамбұлда жойқын жер сілкінісі болды