Түркістан облысында «Ақбикеш» мұнарасы қирап қалды

Оның іргесі XII ғасырда қаланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында іргесі XII ғасырда қаланған «Ақбикеш» мұнарасы қирап қалды. Жауған жаңбыр мен қар суы тарихи нысанның қабырғаларына бойлап кіріп, ескерткішті құлатқан. Мұны Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Жылбек Сембекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, ғимаратқа жауын-шашын тимеу үшін төбесін жауып, ескерткішті сақтап қалу керек еді. Алайда ұсынысқа құлақ асар ешкім болмаған.

"Екі жыл бұрын бір бүйірі құлаған. Жақын күндері басқа мұнарасы да құлауы әбден мүмкін. Сыртында хан кірпіштен қаланған кесектері бар. Сылақтарын да  түсіруі мүмкін", – деді М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Жылбек Сембекұлы.

Айта кетейік, 2020 жылы "ҚазҚайтаЖаңарту" мекемесі тарихи жәдігерді қалпына келтіруге кіріскен. Қазір Созақ ауданы әкімдігі бұл жағдай бойынша облыстық Мәдениет басқармасына шұғыл хат жолдады. Ал жауаптылар қастерлі мұраны қалпына келтіру бойынша жұмыс басталғанын жеткізді.

"Ескерткішке шұғыл қайта қалпына келтіру жұмыстары қажет. Түркістан облысы Мәдениет басқармасы тарапынан министрлікке хат жолданды. Олардың жоспарланған қаржы есебінен реставрациялық жұмыстар жасауға ресми хат жіберілді", – деді Тарихи-мәдени мұраны қалпына келтіру және пайдалану орталығының директоры Олжас Сейданов.

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген жаңа әнінің премьерасын жариялады

 

 

Новости партнеров