Бұл туралы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері мәлімдеді
Түркістан облысында мемлекеттік аттестациядан өте алмаған бес мектеп жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал онда оқитын оқушылар басқа білім ордаларына ауыстырылған. Бұл туралы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері мәлімдеді. Мамандардың сөзінше, былтыр мемлекеттік аттестаттауға өңірдегі 498 білім беру ұйымы қатысқан. Соның 417-сі түрлі заңбұзушылықтарға жол беріп, алғашқы сынақтан сүрінген. Ал қайта аттестаттау кезінде олар 22 кемшілікті жоя алмаған. Осыған байланысты бірқатар лауазымды және заңды тұлғаларға 16 миллион теңге айыппұл салынған.
"34 білім беру ұйымы, 1 колледж, 24 мектеп, 9 балабақша қайта мемлекеттік аттестациядан өту кезінде қайта заң бұзып, мемлекеттік аттестациядан өтпеді. Нәтижесінде 2 колледждің білім беру қызметіне берілген лицензиясы қайтарылды", – деді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов.
Оқи отырыңыз: Астанада биіктен құлаған қыз жансақтау бөлімінде жатыр