Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады
Түркістан облысында ер адамға тиесілі көліктің салонынан 7 пакет есірткі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, жедел-іздестіру барысында Түркістан облысында есірткі сақтап, тасымалдау фактісі анықталды.
Жедел уәкілдер Отырар ауданындағы Шәуілдер-Түркістан автожолында Шымкент қаласының тұрғыны басқарған Lada автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің салонынан ішінде есірткі заты бар 7 пакет табылды. Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 400 грамм марихуана болып шықты.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
Оқи отырыңыз: Екі ер адам таксистің телефоны мен ақшасын тартып алып, өзін көшеге лақтырып кеткен