Түркістанда «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды

стоп кадр
стоп кадр

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде әлеуметтік сезімтал салаларда заңдылықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізілуде. Олардың бірі — табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық талаптарды сақтау саласы. Экологияны жақсарту азаматтарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді. Бұл ретте жекелеген лауазымды адамдар пара алуды, бюджет қаражатын жымқыруды және бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өздерінің тікелей міндеттерін орындамауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасайды. Мәселен, Түркістан қалалық соты облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жанындағы «Жасыл аймақ» КММ бұрынғы басшысы И. Бегасыловқа, оның орынбасары А. Ерназаровқа, КММ заңгері М. Айнабековаға және кәсіпкер И. Муслимовқа қатысты үкім шығарды.

"Олар техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бегасылов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, Ерназаров, Айнабекова және Муслимов 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды. Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Теміртауда ер адам жол бойында ерегіскендерді ажыратамын деп ажал құшты

 

Новости партнеров