Ол "Ұрып-соғу" бабымен 50 және одан да көп тәулікке қамалуы мүмкін еді
Журналист Ильяс Канбай Шәріп Серікке қатысты үкімнің мән-жайын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Журналистің айтуынша, Шәріп Серік зорлық-зомбылық үшін емес, балағат сөздер айтқаны үшін сотталған.
"Үкімнің мән-жайымен таныстым. Былай жазылған: "С. бірге тұрып жатқан Б-мен жанжал кезінде балағат сөздер айтқан. Оған әкімшілік баптың бірінші бөлігі "Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас кезіндегі теріс әрекеттер" бойынша айып тағылған. Бұл шапалаққа немесе жұлқылауға қатысты емес, тек кемсіту, төмендету және мүлікті бүлдіру туралы. Ол бойынша ең жоғарғы жаза 5 тәулік", – деп жазды ол.
Журналист мұндай үкім шығуы Әлия Бутееваның арыз жазбауымен байланысты болуы мүмкін дейді.
"Алматы полиция департаменті маған осылай хабарлады, бүгін таңертең сұрап білдім. Негізінде Шакенти 5 емес, "Ұрып-соғу" бабымен 50 және одан да көп тәулікке қамалуы мүмкін еді", – деп қосты ол.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында экс-полицейді өлтірді деген күдікті ұсталды