Туысымен сөзге келген елордалық бойжеткен көпірден секірмек болды

10.03.2025 09:22

Тәртіп сақшыларының тактикалық әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді

стоп кадр

Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"102 арнасы арқылы кезекші бөлімге «Архар» көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабар түсті. Бойжеткеннің ойланбай әрекет жасауы мүмкін деген күдік болды. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Жағдайды патрульдік полиция полкінің инспекторлары полиция капитаны Дулат Идрисов пен полиция аға лейтенанты Жалғасбек Абдуалиев бақылауға алды. Олар еш кідірместен автокөліктен түсіп, қызбен сөйлесуге кірісті. Полицейлер оны сабырға шақыруға тырысты", — делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болған. Тәртіп сақшыларының тактикалық әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді. Кейіннен ол ата-анасына тапсырылып, қажетті психологиялық көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз: 8 облыста жол жабылды