Жолаушылары бар бес автобус жолда тұрып қалды

10.03.2025 10:00

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ

ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары 100 адамды құтқарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше түнде Абай облысы «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасының» а/ж учаскесінің жабылуына байланысты құтқарушылар автобус жолаушыларына көмекке барған.

"Құтқарушылар Аягөз қаласы уақытша орналастыру пунктіне салонында 100 адам, оның ішінде 18 бала болған 5 жолаушылар автобусын жеткізді. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Туысымен сөзге келген елордалық бойжеткен көпірден секірмек болды