ҰБТ-да жасанды интеллект қолданылады

ОКҚ
ОКҚ

Елімізде 20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша 20 білім беру бағдарламасы енгізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ғылым және жоғары білім министрлігі биылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде жасанды интеллектінің көмегіне жүгінбек. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.


"Министрлік жасанды интеллект кадрларын даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Былтыр «Жасанды интеллект негіздері» пәнінің стандарты енгізілді. Соның негізінде білім беру процесінде жасанды интеллектіні пайдаланудың жалпы принциптері, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде жасанды интеллектіні қолдану бағыттары айқындалды. Сондай-ақ министрлік жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына жасанды интеллктіні қолдану бойынша құзыретті игеруге бағытталған пәндерді барлық білім беру бағдарламаларына енгізуді көздейтін өзгерістер енгізді, - деді Нұрсұлтан Махатов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Спикердің мәлімдеуінше, елімізде 20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша 20 білім беру бағдарламасы енгізілді, аталған бағдарлама бойынша 2 196 магистрант пен докторант оқып жатыр. 

Атап айтқанда: 

  • 2025 жылы ҰБТ өткізудің нормативтік ережелері, статистикалық ақпарат, грантқа түсу кезіндегі сұрақтар бойынша консультативтік «AI Talapker» чат-ботын іске қосу; 
  • ҰБТ тапсыру кезінде академиялық адалдықты арттыруда ЖИ қолдану; 
  • ҰБТ үшін тест тапсырмаларын әзірлеу үшін ЖИ енгізу. 

Оқи отырыңыз: Халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары мен педагогтарға біржолғы ақшалай сыйақы беріледі - Асхат Аймағамбетов

Новости партнеров