ҰБТ-ға дайындық: Қазақстанда репетитор қызметі қанша тұрады

Scott Graham / Unsplash
Scott Graham / Unsplash

Қазақстандық педагогтар онлайн және үйге барып бала оқытады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық ата-аналар баласы үшін репетитор қызметіне жиі жүрінеді.  Әсіресе оқу жылы аяқталар шақта сұраныс артты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.  

Репетиторлар өзі туралы не айтады

Хабарландыруда бала оқытатын репетиторлар өзінің жұмыс өтілі туралы ақпарат берген. Тәжірибелі мұғалімдер өзінің осы қасиетін алға тартады. Ал жас педагогтер болса білім алған оқу орны мен оқу әдісі туралы мәлімет береді. Мәселен қазақ-түрік лицейін немесе Назарбаев зияткерлік мектебін бітіргенін жазады. Сонымен бірге шетелде тәжірибе жинағанын немесе қазір қай ЖОО-да оқып жүргенін айтады.

Тәжірибелі мұғалімдер оқыту әдісін, нәтижені көрсетеді. Кейбірі ҰБТ-да жоғары балл жинап, ЖОО-на түскен шәкірттері туралы айтады.

Педагогтен не күтеміз

Қазақстандық педагогтар онлайн және үйге барып бала оқытады. Дегенмен кейбірі тек қашықтан дәріс беріп отыр. Астана мен Алматыда отырып-ақ өзге өңірлерге онлайн байланысқа шығады.

Репетиторлар топқа немене баланың өзіне сабақ береді. Бұл қызмет бағаға әсер етеді. Әр сабаққа бөлек, кейде айына немесе екі айға бір рет төлем жасауға болады.

Оқу уақыты 50 немесе 90 минутқа созылады. Дегенмен олардың кейбірі 4 сағат бойы математикадан есеп шығарып отыруға бар.

Сонымен бірге репетиторлар БЖБ және ТЖБ-ға дайындап, үй тапсырмасын орындауға көмектеседі.

Бағасы қанша

Бағаны салыстырған кезде бір сағатқа созылатын дайындық құны қанша екенін білдік. ҰБТ жақындап келеді. Сондықтан математика, қазақ тілі мен орыс тілі және Қазақстан тарихы пәндеріне басымдық берілді.

Ең арзаны Орал қаласында болып шықты. Мұнда баға төмен, сонымен бірге қызмет көрсету аясы кең. Репетитордың қызметі сағатына 1000-2500 теңге тұрады.

Қызылорда, Павлодар мен Семейде репетиторлар сағатына 2000-3000 теңге сұрайды. Сонымен бірге Көкшетау мен Таразда баға осы шамада басталып, 4500 және 5000 теңгеге жетеді.

Қазақстан бойынша репетитор қызметінің орташа құны - 2500 теңге. Шымкент, Астана, Ақтөбе, Ақтау, Түркістан, Петропавл мен Өскеменде баға 2500 теңгеден басталады. Соның ішінде Ақтау мен Түркістанда таңдау аз. Егер онлайн сабақ қызметін алып тастасақ, әр қалада небәрі 10 репетитордың хабардамасын көруге болады.

Жезқазған, Алматы мен Талдықорғанда бір сағаттық сабақ оқыту құны 3000 теңгеден басталады. Жезқазғанда кейбір педагог бұл қызметі үшін 10 000 теңге сұрайды. Мұндай мұғалімдер өте сирек.

Қостанай мен Қарағандыда қызмет құны өте алшақ. Педагогтер 4000 теңге, кейбірі 12 000 теңге алады. Мұнда да қызмет құны жоғары бағаланған хабарлама өте сирек кездеседі. Көбіне тәжірибелі мамандар өз жұмысын жоғары бағалайды.

Бірінші орында Атырау қаласы тұр. Мұнда репетиторлар сағатына 5000 - 6000 теңге алады. Айтып өтейік, еліміздің барлық қаласында математика пәнінен дәріс алу құны жоғары.

Оқи отырыңыз: "Қазақстандық оқу орнына түсіремін": Үндістан азаматы отандастарын алдап кеткен

Новости партнеров