ҰБТ: талапкерлер рұқсат етілмеген заттарды пайдалануға тырысқан

14.03.2025 19:45

Тест тапсыру кезінде тәртіп бұзған түлектер аудиториядан шығарылды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің наурыздағы бірінші аптасының қорытындысына сәйкес 22 тәртіп бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның ішінде 10 талапкерден кіреберісте рұқсат етілмеген заттар табылған. Ал тест тапсыру кезінде тәртіп бұзған түлектер аудиториядан шығарылды. Ал биылға ҰБТ-ның форматы мен тапсырмаларында айтарлықтай өзгеріс жоқ.

 «Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелерімен талапкерлер келіспеген жағдайда апелляцияға бере алады. Бір кесте немесе диаграмма, карта анық көрінбеген жағдайда, егер тапсырма нақты құрастырылмаса немесе дұрыс жауабы болмаған жағдайда талапкер тестілеуді аяқтағаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Нақты дәлелң болуы керек, – деді Ұлттық тестілеу орталығы филиалының басшысы Жұмабике Сұлтанова. 

Оқи отырыңыз: Жасың құтты болсын: Алматы облысында бүлдіршіндер амал күнін атап өтті