Әуежайда ерлік көрсеткен тұрғын "Ерлігі үшін" медалімен наградталды

07.03.2025 18:07

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін сағат 11:45 шамасында Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалына жолаушы кірген. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері одан құжаттарын көрсетуді сұраған. Алайда, ол тексеру қызметкерінің шашынан ұстап алып, пышақпен қорқыта бастаған.

Осы кезде оқиға куәгері өзін тұтқын орнына ұсынды. Кейін ол пышақты тартып алып, қылмыскерді залалсыздандырды. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейінірек полиция ұсталған азаматтың бұрын автобус ішінде әйелге шабуыл жасағаны үшін сотталғанын да растады.

Алматы әуежайында ерлік жасаған адам танымал әнші Бағлан Әбдірайымовтың туысы болып шықты.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды: Алматы әуежайын дүрліктірген күдікті ұсталды