ҰҚК Абай облысында терроризмді насихаттады деген күдіктіні ұстады

ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК баспасөз қызметі

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Ұлттық қаііпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"28 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен Абай облысының тұрғынын ұстады. Ол терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деп күдіктелуде", - делінген хабарламада.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Жеделсатыда 14 жастағы жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тіліп тастады

Новости партнеров