«Ұлттық қор – балаларға»: аударымдар туралы ақпаратты қандай көруге болады

31.01.2025 16:38

Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан 129 доллар түсті

Sasun Bughdaryan/unsplash.com/

Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балалардың (инвестициялық кірісті қоса алғанда) жинақтарының жалпы сомасы 232,94 долларға ұлғайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша аударымдар туралы ақпарат eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында 2025 ж. 1 ақпанда көрсетіледі.

Төлем тетігі барынша қарапайым. Баланың бағдарламаға қатысуы мен есептелген ақша туралы ақпаратты баланың ЖСН енгізе отырып, арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан көруге болады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар, сол секілді өзекті сұрақтардың жауабын ала аласыз.

Бұдан бөлек балаға арналған аударымдар туралы деректерді eGov.kz порталындағы жеке кабинетке кіріп, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk қосымшалары арқылы да көруге болады.

Оқи оырыңыз: Қазақстандық балаларға Ұлттық қордан 129 доллар түсті