Ұлытауда экс-басқарма басшысы мен орынбасарына қатысты тергеу басталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Тергеу жалғасып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық дерегіне күдікті Ұлытау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы мен оның орынбасарына қатысты тергеу басталғанын растайды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, — деп атап өтті Антикордың баспасөз қызметі.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Қайрат Мутаев пен Ақбаян Сексенбаева тәртіптік жазасы бола тұра қол астындағы қызметкерлері арқылы сыйлықақы алғаны туралы ақпарат таралды.

Еске салсақ, Қайрат Мутаев 2022-2024 жылдар аралығында Ұлытау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған. Ал 2024 жылғы 2 желтоқсанда Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалған.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында балабақша есепшілері 300 млн теңге жымқырған

Новости партнеров