Ұшақ апаты: оқиға орнына 14 жедел жәрдем бригадасы шығып, республикалық штаб құрылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Алдын ала мәлімет бойынша аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларына медициналық көмек беру жұмыстарына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Оқиға орнына 14 жедел жәрдем бригадасы шығып, республикалық штаб құрылды. Сол жерге вице-министр кетті. Қазір біз санитарлық авиацияның борттарын дайындадық, ол жерге мамандарды, травматологтарды, нейрохирургтерді және басқа да дәрігерлерді жібереміз. Сол жерде медициналық көмек беріледі, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларды тасымалдаймыз. Тиісті жұмыстар атқарылып жатыр", - деді А. Әлназарова Парламент Мәжілісіндегі тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.
Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда. Алдын ала мәлімет бойынша аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді.
Барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Жолаушылардың тізімі нақтылануда.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық 6 азамат болған: Ақтау маңында әзербайжандық ұшақ апатқа ұшырады

Новости партнеров