"Үштікте Месси жоқ": әлемдегі ең көп табыс табатын спортшының аты аталды

Daniel Norin / Unsplash
Daniel Norin / Unsplash

Футболшы 2024 жылы 260 миллион доллар табыс тапқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Американың беделді спорт және іскерлік Sportico басылымы 2024 жылғы әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Тізімді португалдық футболшы, "Алтын доптың" бес дүркін иегері Криштиану Роналду бастап тұр. "Әл-Наср" шабуылшысы 2024 жылы (салықтар мен агенттік төлемдерсіз) 260 миллион доллар табыс тапқан. Ол Сауд Арабаиясындағы мансабында 215 миллион доллар тауыпты. Футболшы «Әл-Наср» клубында 2023 жылдың қаңтарынан бері ойнайды. Ал қалған 45 миллион долларды демеушілер төлеген. 

Роналдудан кейінгі алғашқы бестікке баскетболшы Стивен Карри (153,8 миллион доллар, оның 53,8 миллион доллары жалақы және 100 миллион доллар демеушілерден), боксшы Тайсон Фьюри (147 миллион доллар), футболшы Лионель Месси (135 миллион доллар) және NBAның тағы бір ойыншысы ойыншысы Леброн Джеймс (133,2 млн доллар) бар.

Оқи отырыңыз: Азиада-2025: Қытай атынан өнер көрсеткен қазақ қызы "алтын" алды

Новости партнеров