Қорық мамандары өсімдіктің таралу аймағын зерттеуді әрі қарай жалғастырады
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығынан Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін өсімдік табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен хабарлағандай, 2025 жылғы 18-21 сауір аралығында Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Пулатов ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Қызыл кітапқа енген «Майда қатыран» өсімдігін анықтаған.
«Майда қатыран - сирек кездесетін, таралуы шектеулі түр. Тұран провинциясының эндемигі, реликт түр. Бұл өсімдік тұқым арқылы көбейеді. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, мамыр-маусымда жеміс береді», - делінген комитет хабарламасында.
Бұл өсімдіктің тіркелуі ботаника ғылымы үшін маңызды жаңалық және Үстірт өңірінің қайталанбас экожүйесін сақтау қажеттілігін көрсетеді.
Қорық мамандары өсімдіктің таралу аймағын зерттеуді әрі қарай жалғастырады.
Оқи отырыңыз: Күн сайын қанша жұмыртқа жеуге болады: гастроэнтеролог жауабы