Үздік сайлау жүйесі: Алматы мектептерінің арасында байқау өтті

Сайысқа 160 білім ордасы өтінім берген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүниежүзілік сайлау күніне орай, Алматыда «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» атты екінші қалалық байқау өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл іс-шара оқушылардың демократиялық процестерге қатысуын ынталандырып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, сайысқа 160 білім ордасы өтінім беріп, оның ішіндегі 127 мектеп жұмысын қорғаған. Алайда аудандық кезеңдер нәтижесінде 8 үздік мектептің қатысушылары ғана ақтық сынға өтті.

"Байқаудың мақсаты – болашақ жастардың, сайлаушылардың азаматтық ұстанымдарын қолдана отырып, сайлау жүйесін, сайлау құқықтарын дамыту", – деді Бостандық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Шолпан Қалиасқарова.

Оқушылар арасында өткен ерекше байқау жас өрендердің көшбасшылық қабілетін танытып, басқару жүйесіне деген көзқарасын айқындады. Қатысушылар креативті идеяларын ұсынып, мектеп президенттерін сайлаудың әділ және тиімді тәсілдерін көрсеткен. Бұл бастама олардың қоғамдағы басқару мәдениетіне белсенді үлес қоса алатынын дәлелдеді.

Еске сала кетейік, байқау республикалық деңгейде ұйымдастырылып, жас өрендерге идеясын кең ауқымда көрсетуге жол ашпақ.

"Өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі байқауына тыңғылықты дайындалдық. Өйткені бұл – жауапкершілігі жоғары маңызды дода. Финалға жолдама алу үшін алдымен аудан көлемінде 16 мектептің ішінен оза шығып,  біліктілігімізді дәлелдедік. Жеңімпаз атанамыз деп ойлаймыз", – деді Ораз Жандосов атындағы № 105 гимназияның оқушысы Ынтызар Камильқызы.

Оқи отырыңыз: Ақтауда балабақша есепшісі 9 млн теңге жымқырған

Новости партнеров