Биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр
Қазақтың көрнекті қаламгері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақстан радио арналарының эфирінде ақынның "Махаббатым өзімде" өлеңіне жазылған әннің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әннің музыкасын композитор Қадылбек Жағыпаров жазса, оны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас көрермен музыкалық театрының актрисасы Мақпал Дүйсен орындады", - делінген хабарламада.
Музыкалық туындының жарыққа шығуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.
Әннің премьерасы "Qazaq Radiosy" және "Shalqar Radiosy" радиостанцияларының эфирінде орындалды.
Айта кетейік, биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр.
Оқи отырыңыз: Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні