Өрттен зардап шеккендер жоқ
Қостанайда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде тоңазытқыш пен кассалық аппарат жанған. Жедел келген өрт сөндірушілер 5 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, жоғарғы қабаттардан 25 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады", - делінген хабарламада.
Өрттен зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: Қостанай облысында сырғанақ бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты