Полиция ер адамның денесінен зорлық-зомбылық іздері анықталмағанын мәлімдеді
Ақтауда тұрғын үйдердің бірінің кіреберісінен адам денесі табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының полиция департаментінен хабарлағандай, 11 ақпанда тұрғындар 6-ықшамаудандағы №24 үйдің бесінші қабатының баспалдақтары арасында қозғалмай жатқан ер адам туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары оның қаңғыбас адам екенін анықтады.
Сондай-ақ полиция ер адамның денесінен зорлық-зомбылық іздері анықталмағанын хабарлады.
"Өлім қылмыстық әрекеттен болмаған, яғни биологиялық өлім болған", - деп хабарлады полиция департаменті.
Оқи отырыңыз: Қостанай облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды