Алматыда 400-ден аса жеткіншек жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен
Биыл Алматыда 400-ден аса жеткіншек жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен. Оқыс жайт жиілеп кеткендіктен, Жетісу ауданында жол қозғалысы ережесін түсіндіру, еске салу және қайталау мақсатында ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған 4 білім ордасының оқушылары қатысты. Жаяу жүргінші өткелінен қалай өту керек? Велосипед пен мопед жүргізгенде нені ескеру қажет? Кездесуде осындай сұрақтар талданып, көпшілік назарына сахналық қойылым ұсынылды.
«Оқушылардың өмір қауіпсіздігі басты назарда. Осыған орай, оқушылар 10-сыныппен бірге жолда жүру ережесін сақтау, бұлжытпай орындау және жол ережелерін сақтау бойынша іс-шараларды көрсеттік», – деді М. Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары Нұрбол Өмірәлі.
Оқи отырыңыз: Профилактиканы күшейту – қылмыстың азаю кепілі