Ысырап болмауы керек: ҚМДБ бағаны шарықтатып жіберген дәмханаларға үндеу жасады

12.03.2025 21:43
ҚМДБ
ҚМДБ қасиетті Рамазан айында бағаны шарықтатып жіберген дәмханаларға үндеу жасап, бағаны арзандатуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Қасиетті Рамазан – мұсылман баласын рухани тәрбиелеп, қарапайымдылық пен кішіпейілдікке баулып, дәулетті мен мұқтаждың арасын жақындастыра түсетін ай. Бұл айда жасалатын әрбір жақсылықтың сауабы еселенеді. Сондай-ақ мұқтажға қол ұшын беру – үлкен сауапты іс. Сол сауапты істің бірі – аузы берік жанға ауызашар беру. Өкінішке қарай, соңғы кездері еліміздегі бірқатар мейрамхана, кафелер мен дәмханалардың иелері ауызашар мәзірінің бағасын өте жоғары ұсынып, халық арасында түсінбеушілік туындатуға себепші болды", - деп жазды мүфтият.

"Асыл дініміз ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды" дегенді алға тартқан ҚМДБ ауызашардағы тамақ барынша қарапайым болу керек  екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Жаңару айы: Рамазанда қалай жаңа әдет қалыптастыруға болады