Заң және тәртіп: АҚШ-тан пошта арқылы келген 23 келі зиянды зат тәркіленді

Былтыр пошта арқылы заңсыз әрекет жасаған 10 адам сотталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл елімізге есірткіні өзге мемлекеттерден заңсыз тасымалдамақ болғандарға қатысты 11 дерек тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, Алматы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Шымкент және Өскемен қаласында өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде АҚШ-тан пошта арқылы келген тыйым салынған заттарды алғандар ұсталған. Бұл туралы Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері мәлімдеді. Атқарылған істің нәтижесінде 23 келі зиянды зат тәркіленген.

Еске салайық, «Заң және тәртіп» жобасының аясында былтыр пошта арқылы заңсыз әрекет жасаған 10 адам сотталған. Олар 8 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

 «Биыл 2-қаңтарда есірткі заттарын заңсыз айналымына қатысты іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойылған. Аталған заңмен есірткі өндірісі үшін, сондай-ақ лауазымды тұлғалар тарапынан есірткі өндіру, қайтадан өңдеу және жасау үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілген. Енді бұл қылмыстар кінәлі тұлғалар 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылып немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Сәкен Қондыбаев.

Оқи отырыңыз: Шымкентте курьерден 1 килограмм есірткі табылды

Новости партнеров