Үкімет сағатында депутаттар осындай ұсыныс айтты
Заңды өрескел бұзған сот орындаушылары қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутаттар осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәжілісмен Абзал Құспанның сөзінше, Қылмыстық кодекстің 251-бабына сәйкес, жәбірленушіге елеулі залал келген жағдайда ғана сот орындаушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Депутат ендігі жерде оларды атқарушылық іс туралы заң ережелерін бұзған жағдайда да қатаң жауапқа тарту керек деп отыр. Өз кезегінде Ішкі істер министрінің орынбасары аталған ұсынысты қарастыруға дайын екенін жеткізді.
«Қылмыстық жауапкершілікке келетін болсақ, мәселені ведомствоаралық жұмыс тобында талқылау керек деп ойлаймыз. Бірақ әр қылмыстың бір залалы болуы керек. Келтірген зияны болса, залалы болса, онда міндетті түрде осы заңды өзгертіп, түзетуді қарастыру керек, дайынбыз», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
Оқи отырыңыз: Алматы полициясы әуежай жолаушыларына ескерту жасады