Заңсыз көші-қон ұйымдастырған: Қарағандыда қылмыстық топ ұсталды

26.02.2025 21:45

Қазіргі уақытта үш айыпталушы сотқа берілді

Аlmaty.tv

Қарағандыда заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топтың қызметі әшкереленді, деп хабарлайды Almaty.tv Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасы ҰҚК департаментімен бірлесіп, шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам рұқсатты заңсыз беруді ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. 

«Қылмыстық схемаға ХҚКО, медициналық мекемелердің қызметкерлерінің және «көмекшілер» деп аталатындардың кіргені анықталды», - делінген хабарламада.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың аталған фактісі облыс прокуратурасының АЕК-іне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін ҰҚКД ТБ-ға жіберілді, қазіргі уақытта үш айыпталушы сотқа берілді.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайлары жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында 8 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысы ашылды