Заңсыз микроқаржы ұйымын құрғандардың 32 млрд теңге көлеміндегі мүлкі тәркіленді

14.04.2025 10:39

МҚҰ ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды

Ulvi Safari/unsplash.com/

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Creditum» МҚҰ, «Sofi Finance» МҚҰ, «Hava Finance» МҚҰ, «SF Offline» МҚҰ, «POS Credit» МҚҰ, «Сәлем Кредит» МҚҰ басшыларына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілері бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған МҚҰ-дардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан 327 мыңнан астам азамат зардап шеккен, оларға келтірілген шығын көлемі 30 млрд теңгені құраған.

"Төлемдері кешіктірілген қарыз алушылар Hava.kz, Koke.kz, Tengo.kz компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүр болған. Бұл ретте, кепілгердің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана қарастырылған. Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алынып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде, қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған", — делінген хабарламада.

Микроқаржы ұйымдарының есепшоттарына 1,8 млрд теңге көлемінде тыйым салынды, сондай-ақ 30 млрд теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылды.

МҚҰ ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды.

Оның жалпы құны 225 млн теңге көлемінде микр2 тұрғын үйі мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктеріне тыйым салынды.

Тергеу жалғасады.

 Оқи отырыңыз: Террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 34 адам сотталды — ҰҚК