Жамбыл облысында 57 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Michael Fousert/ unsplash.com/
Michael Fousert/ unsplash.com/

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлім етті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысының жол-техникалық инспекциясы қызметкерлері соңғы екі айда жалпы ұзындығы 5 мың шақырымды құрайтын көлік жолдарында 668 тексеру жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Тексерулер нәтижесінде облыс аумағындағы автожолдардан 2 709 ақау анықталды. Жол мекемелерінің басшылары мен жергілікті атқарушы органдарға бұл кемшіліктерді жою жөнінде 668 ұйғарым жіберілді.

Жамбыл облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Азамат Бақытұлы атап өткендей, жолдарды қанағаттанарлықсыз күтіп ұстау және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу бойынша 57 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жол-техникалық инспекциясының нұсқамаларын орындамағаны үшін, автомобиль жолдарын күтіп ұстауға жауапты жеке мердігерлік мекемесінің лауазымды тұлғасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда 7 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

Новости партнеров