Жария болып кеткен жоқ па: қазақстандықтар енді дербес деректерін тексере алады

Rapha Wilde / Unsplash
Rapha Wilde / Unsplash

Сондай-ақ жеке дерегі жария болғаны үшін сақтандыру төлемдерін ала алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауды нығайту жөніндегі жұмысын жалғастыруда. Мәселен, биыл жоғалған деректер тізілімін құру жоспарда бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Біз әр азамат өз деректерін, мысалы, атын, тегін, телефон нөмірін, электрондық поштасын енгізе алатын базаны құрамыз, бұл жүйе адамдарға олардың деректері әлем бойынша жария болу-болмауы туралы ақпарат береді», – деді ол.

Спикердің айтуынша, азаматтарды мәліметтердің жариялануы туралы хабардар ету маңызды. Сонымен қатар азаматтар қандай деректер таралғанын біліп отырады. Егер азаматқа қандай да бір бейтаныс адам хабарласып, қолында оған қатысты мәліметтер бар екенін айтса, онда бұл ақпаратты мемлекеттік орган немесе банк қызметкері жария етпегенін түсінуге болады, өйткені бұл деректер интернетте қолжетімді. 

Бұдан бөлек, киберсақтандыру бойынша жұмыс жүргізу жоспарланған, яғни қазақстандықтар өзінің деректері жария болғаны үшін сақтандыру төлемдерін ала алады. 

Биыл іске қосылған CITIZENSEC.KZ және NOMAD GUARD тегін порталдар дамытылады. Олар көпшілікке алаяқтардың қалай жұмыс істейтіні, оларға қарсы тұру үшін қалай әрекет ету керектігі туралы қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұнда ұйым басшылары үшін киберқауіпсіздікті арттыру және дербес деректерді қорғау туралы ақпарат бар.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында үш адамның өмірін қиған жүргізушінің ісі сотқа жолданды

Новости партнеров