Жарма ауданында карантин жарияланды

07.04.2025 10:10

Аймақта 200-ге жуық мал бруцеллез жұқтырған

Xiangkun ZHU//unsplash.com/

Абай облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, аймақта 200-ге жуық мал бруцеллез жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда шаруа қожалықтарынан 193 бас ірі қара мал союға жіберілді. Барлық ауру зертхана арқылы расталды", - делінген басқарманың хаарламасында.

Осыған байланысты өңірде ветеринарлық талаптарға сай карантиндік шаралар жүргізілген.

Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, бұл елдімекенде соңғы үш айда 50-ге жуық бруцеллез тіркелген.

Мамандар жағдайды тексеріп, жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Оқи отырыңыз: Қызылордада жастар бағдарламасымен жұмысқа тартылғандарға жалақы төленбей келген