Жас қаламгерлерге арналған президенттік әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау басталады

12.03.2025 20:23

Әдеби сыйлыққа 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлер қатыса алады

Aaron Burden / Unsplash

Отандық жас қаламгерлерге арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау 15 наурызда басталады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, биыл жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында үшінші рет Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалады.

«Әдеби сыйлыққа 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларын ұсына алады. Өтінім «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Автор тек бір номинацияға ғана қатыса алады», - делінген хабарламада.

Өтінімді 2025 жылғы 15 наурыз бен 15 маусым аралығында қағаз және электронды түрде мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14 кіреберіс, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет.

Барлық сұрақты +7 707 541 8006, 8 (7172) 74-04-07; 74-03-84; 74-04-08 нөмірлері бойынша анықтауға болады.

Оқи отырыңыз: Ертең Алматыда 11 градусқа дейін күн жылынады