Жасанды интеллект әліппесі: нейрожелі туралы қазақ тілінде кітап жарық көрді

Кітап жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарын түсінікті тілде жеткізген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда нейрожелі туралы қазақ тіліндегі алғашқы кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv,

«Жасанды интеллект әліппесі» атты еңбек – қарқынды дамып келе жатқан салаға арналған тұңғыш түпнұсқа басылым. Іс-шара аясында түркі мемлекеттері біріккен TurkAI қауымдастығы құрылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта бірлескен жұмыстар күшейтілмек.

«Жасанды интеллектіні дұрыс қолдану жағынан насихат жасап, оны қолданған жерде қолдандым деп айтуға адамдарды, сондай этика қалыптастыруға күш салуымыз керек деп ойлаймын. Онымен күресудің жалғыз жолы – ол ағартушылық. Білім беру, ағартушылық, адамдарға маман ретінде білім алушы, ізденуші ретіндегі этикасын дұрыс қалыптастырсақ, ол ертең ғылымға да, өзіне де, бүкіл қоғамға қиянат жасамайды», – деді кітаптың авторы Мейіржан Әуелханұлы.

Кітап жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарын түсінікті тілде жеткізген. Нейрожеліні күнделікті өмірде қалай қолдануға болатыны туралы да кеңінен баяндалған. Бұл еңбек мектеп оқушыларына тіпті, қызметте жүрген сала мамандарына да пайдалы болмақ. Алдағы уақытта аталған туындының тұсаукесері Астанада және еліміздің басқа да өңірлерінде өтпек.

 «Мен сабақ білмеген кезде, олимпиада, білмеген кезде ғана қолданамын. ChatGPT көп көмектеседі, отбасыммен бірге қолданамыз, – деді жасанды интеллект қолданушысы Шыңғыс Мейіржанұлы.

Оқи отырыңыз: Жас ғалым: 2 мыңнан астам ғылыми жоба іске асырылды

Новости партнеров