Жасөспірім өлімі: Ақтөбеде 10 адам қамауға алынды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Марқұмды автокөлікпен қағып, оған көптеген пышақ жарақатын салған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында жаппай төбелес кезінде қаза тапқан жасөспірім өлімі бойынша ұсталған 10 адамға қатысты тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға өткен жылдың мамыр айының соңында Ақтөбе қаласының шетінде (мал базары ауданында) болған. Жасөспірімдерден құралған екі топты арасында суық қару мен атыс қаруларын қолдана отырып жаппай төбелес болған.

«Төбелес кезінде 8 жасөспірім оқ және пышақ жарақатын алып, кәмелетке толмаған бір адам қаза тапты. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, марқұмды автокөлікпен қағып, оған көптеген пышақ жарақатын салған», - делінген хабарламада

Аталған оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Облыс прокуратурасы қылмыстық іс бақылауға алып, процестік прокурорлар тобы тағайындалды.

«Полиция қызметкерлерімен жедел түрде қылмысқа қатысы бар 10 тұлға ұсталып, олар уақытша ұстау абақтасына қамалды. Сотпен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - делінген хабарламада.

Тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық іс тергеушінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы баяндамасымен прокуратураға келіп түсті.

2025 жылдың 26 ақпанында облыс прокуратурасы айыптау актісін жасақтап, істің мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Оқи отырыңыз: Ұзынағашта кәріз суы құйылған тоған арнасынан асып, ауылды басып қалды

Новости партнеров