Жасөспірімге тиіскен бе: әнші Алмас Кішкенбаевтың полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тарады

Іnstagram.com/a.kishkenbaev
Іnstagram.com/a.kishkenbaev

Алматы қаласының полиция департаменті осы жазбаға қатысты жауап берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ер адам кәмелетке толмаған балаға тиіскен, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Kozachkov offside Telegram-арнасында Алматы полицейлеріне курьер болып жұмыс істейтін баласына тиіскен ер адамнан арыз түскені жазылған.

"2007 жылғы жігіт кешкі сағат тоғыздарға таман көрсетілген мекенжай бойынша үш сыра әкеліп тастауға тапсырыс алған. Ол дүкеннен сыраларды алып, оны тапсырыс берушіге апарып берген.

Содан соң түсініксіз нәрсе болған. 17 жастағы жігіттің айтуынша, сыраны 40 жастағы ер адам алдыртқан. Ол алкогольді алған соң, курьерге бірге ішуді ұсынған. Содан соң ер адам 11-сынып оқушысының интимді жерін ұстағысы келген. 

Курьер бірден үйіне барып, әкесіне айтып берген. Ал әкесі құқық қорғау органдарына барған. Полиция қызметкерлері арызда баяндалған дәлелдерді тексеру үшін сыраға тапсырыс берушінің пәтеріне барып, оны бөлімшеге жеткізді. Ер адамның аты - Алмас Кішкенбаев", - делінген жазбада.

Алматы қаласының полиция департаменті осы жазбаға қатысты жауап берді. Алайда айыпталуышының аты-жөнін ашып жазбады. 

"Әкесінің кәмелеттік жасқа толмаған ұлына тиіскені туралы арызы бойынша тексеру жүріп жатыр. К. есімді азамат барлық мән-жайды анықтау үшін полицияға жеткізілді", - деп жауап берді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Күдікті ұсталды: Өскеменде өртенген үйдің жертөлесінен үш адамның денесі табылды

Новости партнеров