Жеке куәлік: 60 жастағы ер адам құжатсыз өмір сүрген

Polisia.kz
Polisia.kz

Көші-қон қызметінің көмегімен өзінің алғашқы жеке куәлігін алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысында 60 жастағы ер адам алғаш рет жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол осы жылдар бойы ресми құжатсыз өмір сүріп келген. Енді көші-қон қызметінің көмегімен өзінің алғашқы жеке куәлігін алды. 

"Отбасылық жағдайға байланысты Өзбекстанға кеткен едім, 2017 жылдан бері азаматтығы жоқ адам ретінде өмір сүрдім. Бірақ қазір жеке куәліктің маңыздылығын түсіндім. Көрсеткен көмектері үшін полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Мен өз Отанымды сүйемін! Рақмет", — деді Владимир.

Көші-қон қызметінің мамандары мұндай жағдайлардың сирек емес екенін атап өтіп, құжаты жоқ азаматтарды ресми тіркеуге шақырады. Өйткені жеке куәлік – бұл тек қағаз ғана емес, медициналық көмек алу, әлеуметтік төлемдер мен заңды құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндігі.

Оқи отырыңыз: Түрмеден қоңырау шалған: 25 жылға сотталған ер адамның жаза мерзімі ұзартылды

Новости партнеров