Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің ұрпақтарының қатысуымен фотосурет көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Болашақ ұрпаққа бейбітшіліктің бағасын түсіндіруіміз керек» Алматыдағы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысушылар осылай деді. Конференцияның мақсаты – сұм соғыс туралы архив құжаттарды көпшілікке ұсыну. Жиынға тарихшылар, зерттеушілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен жастар қатысты.
«Соғыстың қиындығы 80 жыл бойы айтылып жатыр. Сексен жыл бойы ұрпаққа бейбітшілікті қастерлеуді айтып келеміз. рсетіп, сол кісілердің болашақта бейбіт өмірге баулау боп тұр деп ойлаймын. Іс-шараның мәні өте зор», – деді Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева.
Оқи отырыңыз: Жеңіс-80: соғыс ардагері Еркінов Шүкір атындағы мектепте музей ашылды