Жеңіс-80: Алматыда ашық аспан астында көрме ашылды

Ботагоз Жокенкызы

Көрмеге сарбаздардың жеке заттары, олардың хаттары мен марапаттары қойылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Мемлекеттік архиві Жеңістің 80 жылдығына орай, ашық аспан астында ерекше көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экспозицияда қазақстандық жауынгерлердің ерлігі мен тылдағы еңбегі сирек фотосуреттер мен тарихи құжаттар арқылы көрсетілген. Кеңес Одағының батырлары, Сталинград пен Ленинград майдандарында шайқасқан сарбаздардың жеке заттары, олардың хаттары мен марапаттары қойылды. 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасына қатысты тың деректер де көрмеден табылды.

 «Көрменің болашақ ұрпаққа деген маңызы өте зор. Сол кездегі сұрапыл соғыстағы аталар жасаған ерлігін ұрпаққа паш ету мақсатында ұсынылып отыр. Көрмені кез келген адам келіп көруіне болады», – деді Алматы қаласы мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Алтынай Сақанқызы.

Оқи отырыңыз: Abai Labs инновациялық паркіне зертхана ашылды

Новости партнеров