Елімізде 125 ардагер бар
Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған орай, елімізде бірқатар маңызды іс-шара өткізу жоспарланған. Оның алғашқысы Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сап түзеген сарбаздар мәңгілік алауға гүл шоғын қойған. Жиынға келгендер естеліктерін бөлісіп, майдангерлер ерлігін еске алды. Ал одан кейін Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев соғыс ардагерінің бірі – Федор Блиновты құттықтады.
Еске салайық, бүгінде елімізде 125 ардагер бар. Оның 25-і Алматыда тұрады.
"Екі күннен бері ардагерлерді мадақтап, Қорғаныс министрлігінің атынан құттықтауын жөнелтіп жатыр. Әр ардагерлер Қазақстанда 5 миллион теңге берілетіні бекітіліп отыр", – деді ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы креативті индустрия үш есе өсті