Жеңіске 100 күн қалғанда: Алматыда мәңгілік алауға гүл шоғы қойылды

Ұлттық ұлан Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған науқанын бастады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық ұлан Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Жеңіске 100 күн қалғанда» науқанын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның аясында Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі 28-ші гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойды. 100 күн бойы өтетін іс-шара аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолдау және қайырымдылық көмек көрсету акцияларымен қатар, білім беру ұйымдарында сабақтар, әскери бөлімдерде «Ашық есік күндері» ұйымдастырылады. Науқан 9 мамырға дейін жалғасып, әскери шерумен қорытындыланбақ.

"Акцияның мақсаты – жас ұрпақтарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ардагерлерімізді сыйлау, олардың соғыс жылдары көрсеткен ерлігін жас ұрпаққа жеткізу", – деді  5571 әскери бөлімі батальон командирінің орынбасары Бақытжан Момбиев.

Оқи отырыңыз: Дұрыс емес: министрлік мобильді байланыс операторлар тарифінің қымбаттауына қатысты пікір білдірді

Новости партнеров