Әжесінің әуресі өзіне ұнап жүр: Роза Әлқожа немересін қырқынан шығарды

07.02.2025 20:18

Сәбидің шашын Салтанат Айбергенова қиды

roza_alqozha

Танымал әнші Роза Әлқожа немересін қырқынан шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

22 жастағы ұлы Бейбарыс мен келіні Әсем балалы болып, Роза Әлқожа әже атанды. Немересіне Әбдірахман деп ат қойған әнші оны қырқынан шығарып, сәбидің шашын Салтанат Айбергенова қиды. 

«Бөпемізді кіші қырқынан шығарып, Салтанат апасындай ғалым болсын деп ырымдап шашын алғыздық. Әбдірахманның әжесінің күндегі әуресі өзіне ұнап жүр. Бесігіміз тербетіле берсін! Келеріміз де, барарымыз да көп болсын!» – деп жазды әнші. 

Роза Әлқожаның жанкүйерлері «Бауы берік болсын!», «Құтты болсын!», «Дені сау, өмірі ұзақ болсын» деп ізгі телегін жазды

Оқи отырыңыз: Атамекен – ел рухы: алматылықтар Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылығына арналған көрмені бір ай тамашалай алады