Жетісу облысында орманшылар Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулаған

25.02.2025 15:08

Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеген

Bernd Dittrich

Жетісуда орманшылар қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды.

"Былтыр қыркүйекте "Үштөбе орман шаруашылығы" КММ-нің үш қызметкері азаматтық тұлғамен бірлесіп, "УАЗ" қызметтік көлігін пайдаланып, орман шаруашылығы аймағында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны анықталды", -делінген хабарламада.

Соттың үкімі бойынша, ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК-нің 337-бабы (заңсыз аңшылық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.

Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеген.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз: ШҚО тұрғынынан 4 келіден астам марихуана тәркіленді